Шымкент: Полицейлер тауарды несиге рәсімдеп беремін деп, 1 миллион теңгесін иемденіп кеткен азаматшаны анықтады

2021 жылдың 22қарашасында Еңбекші АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматшатауарлық несиені ақшаға айырбастап беремін деп сеніміне кіріп,     1 000 000 (бір миллион) теңге несие рәсімдеп алу арқылы тиістіқаражатты заңсыз иемденіп алғандығын көрсетті.

Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде,жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 199-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тәркеліп, тергелуде.Ұсталған азаматшаның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайты орын алмас үшін танымайтын бөгде адамдарға сеніп, сондай-ақжеке басына қатысты құжаттарды бермеуге шақырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.