ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖОЛЫ – БІЛІМ

Қазіргі таңда болашақ жастардың санасына парасаттылықтың ілімін сіңіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және адалдық құндылықтарын дәріптеу мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда.
Кезекті шара Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында өтті.
«Парасаттылық жолы — білім» атты ақпараттық сағаты Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп – интернатының 7 сынып оқушыларымен өткізілді.
Кездесуде ақыл-парасаттылықты қалыптастыруда руханиятпен, ақыл-ой, сананы адалдыққа, шынайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, ар намысты, өр рухты, тұлға болып қалыптасу қажеттігі айтылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.