Шымкентте құрылыс материалдарын ұрлаған азамат анықталды

2021 жылдың 26қарашасында Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құрылыс материалдарын сататын дүкенінің алдынан белгісіз тұлға темір торларын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.

Қазіргі таңда ұялы телефон ұрлаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар жоқтығы тексерілуде.

Егер, Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.