Шымкентте құрбысының атынан несие рәсімдеген азаматша анықталды

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, бейтаныс тұлғаның өзінің атынан 40 000 теңге онлайн несие рәсімдегенін жазып көрсеткен. Яғни, арызданушы телефонына хабарлама келгенде, өзге біреудің несие алғанын біліп, жедел полицейлерге жүгінген.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Аталған жайт бойынша, Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде Түркістан облысы тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Тергеу барысында белгілі болғанындай ұсталған азаматша арызданушының құрбысы болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Егер де, Сізге белгісіз тұлға өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, Сіздің қартаңыз бұғатталғаны немесе Сізге бонустар есептелгенін хабарласа, картаның нөмірін, пин-кодын хабарлауды немесе жақын жердегі банкоматқа барып, картамен қандай да бір қызмет жүргізуді сұраса, сенбеңіз. Банкке хабарласып болған жағдай туралы айтып, жағдайдың анық-қанығын анықтаңыз. Барынша сақтық шараларын ұстаныңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.