Шымкенттік полицейлер көлік ұрлаған азаматты құрықтады

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға көше бойында тұрған «Нексия» маркалы  автокөлігін эвакуаторға салу арқылы ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

 Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.