Дене шынықтыру дайындығының үздік әскери бөлім айқындалды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің шеңберінде өткен әскери спорт кешені және жекпе-жек жаттығуларының дене шынықтыру дайындығын үздік ұйымдастыруға арналған байқаудың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғаған Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасы жеңіс тұғырынан көрінді.

 

Дүбірлі сайыста Қарулы Күштердің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтарынан үздік деп танылған әскери бөлімдер,оның ішінде конкурстық ережеге сәйкес бөлімнің атынан ең үздік деп танылған 90 ер әскери қызметші және 10 әйел әскери қызметші бақтарын сынады. Аталған конкурс екі айға жуық мерзімде қатысушы әскери бөлімдердің аумағында арнайы комиссия мүшелерінің тексеруімен өтті.

Байқау барысында ерлер құрамы үш және бес шақырымға қарумен жүгіру, қол гранатасын дәлдікке және қашықтыққа лақтыру, әскери қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін көрсету, 100 метрге жылдамдықпен жүгіру, белтемірге тартылу және жалпы әскери жаттығулар кешенінде 400 метр қашықтықты құрайтын кедергілер жолағынан өтсе, әйелдер құрамы бір шақырымға жүгіру, кешенді еркін және күшейтілген жаттығуларды орындады.

Жеңімпаздарды анықтау байқау бағдарламасында көрсетілген сайыстағы жаттығуларды орындау барысында жиналған барлық ұпай саны негізінде жүзеге асырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасы үздік нәтиже көрсетіп жеңімпаз атанды. Ал, екінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімі иеленсе, үшінші орын «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінеберілді.

–Байқауға қатысқан әскери қызметшілер дене  дайындығы барысында өздерінің тынымсыз еңбектері мен шеберліктерінің және жеңіске деген ынта-жігерінің арқасында үздік атандық. Сондай-ақ, әскери бөлімнің дене дайындығы деңгейі жоғары екенін көрсетіп, жауынгерлік тапсырмаларды әрдайым орындауға дайын екендігімізді дәлелдедік, – дейді механикаландырылған бригададене шынықтырудайындығының бастығы майор Мадияр Бабаханов.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери спорт кешені және жекпе-жек жаттығуларының дене шынықтыру дайындығын үздік ұйымдастыруға арналған байқаудың жүлдегерлері мадақтама қағаздарымен марапатталып, жеңімпаз әскери бөлімге кубок табыс етілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.