…жұмыссыздың қалтасына үңілуде

Ж.Әкім, экономист:

Дамыған елдерде жұмыссыздарға әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып, отбасын асырайтындай дәрежеде болмаса да, халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуі үшін көмек қолын созады екен. Ал бізде керісінше, ауылдағылардың қорасындағы сиырының сүтін өлшеп,  тауығының  жұмыртқасын санап, жұмыссыздың қалтасына үңілуде. Тіпті, осы арқылы бір сиыры бардың барлығын жұмыспен қамтылғандар тізіміне қосып, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп көрсетуге  тырысу елдің әлеумет­тік  жағдайын тіпті құлдыратып жібермесіне кім кепіл?! Сондықтан,
жұмыссыздық мәселесімен ашық күресетін кез жетті.

«З»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.