ШЫМКЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙРАМ КӨМЕКШІ-ИНТЕРНАТ КОЛЛЕДЖІНДЕ БОЛДЫ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы 6-шы индикатор бойынша биыл Сайрам тұрғын алабында жаңадан бой көтерген және жақында пайдалануға берілген Сайрам көмекші-интернат колледжінің 300 орынға арналған ғимаратына Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатындағы Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Тулегенов, Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі

және бірқатар депутатармен бірге арнайы барып, атқарылған жұмыстар мен көмекші-интернат колледжінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты көмекші-интернат колледжінің ұжымын мерекелерімен құттықтады.

Қ.М. Сүлейменов Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі: «Айта кететінім, 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болған тұста дәл осы мекемеде болған едім. Бірақ, ол тұста дәл қазіргідей үлкен ғимарат жоқ болатын. Айналасы бос жататын.

Аумағы 3,5 гектар жерге орналасқан мектеп-интернатта 43 жылдан бері арнайы оқытуды қажет ететін балалар дәріс алады. Қазіргі таңда жаңадан ғимараты салынған білім ордасында ерекше балаларымыз оқиды екен. Оның үстіне, мектеп-интернат биыл колледж мәртебесін алып, биылдан бастап ерекше күтімді қажет ететін балалар тек білім алып қана қоймай, енді мамандық та игеріп шықпақ.

Колледжде мамандық алу үшін қажетті кабинет, құрал-жабдықтар мен саймандар қарастырылған. Колледж ыңғайлы жатын орындары бар жатақханамен, кең асханамен, жарық сыныптармен қамтылған. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға қос мамандықты игерген педагогтар білім береді. Аспаз, тігіншілік, ағаш шебері және коррекция бөлмелерінде, логопед кабинеттерінде әрбір бала еркін жүреді».

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.