олар тіпті ұлтшыл атанудан қорқады

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ, жазушы:

Билік буындарындағы шенеуніктерді іс-әрекеттерінде ұлтшылдық сезім билейді деп айта алмаймыз, олар тіпті ұлтшыл атанудан қорқады. Ұлт мәселесінің дұрыс шешімін табуын, негізінен, қоғам белсенділері ғана көтеруде. Бірақ үкімет тарапынан тиісті қолдау көрсетілмегендіктен, ұлт мүддесін көздейтін ұсыныстардың көпшілігі баяғы тіленшілік деңгейде қалып қойды ма деймін.

Ана тілін ұмытқан және сонысын мақтаныш көретін қазақтың үлкен бөлігі тұтас бір халыққа айналып кетті.Олар өзгермейді.

Қайта, ана тілін тәрк етіп, тілі түгіл, ділі де тонын айналдырып, орыстанып кеткендерін мақтаныш тұтады.

Қаршадайынан үш тілге баулынған балада, академик Рабиға Сыздықова апайымыз атап айтқандай, ана тілі деген ұғым болмайды, ал мұндай жағдайдың қазақ ұлтшылдығын алаңдатпауы мүмкін емес.

«ЖА»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.