…жастарға мемлекет кепіл бермейді

Дәурен БАБАМҰРАТ,  «Болашақ» қозғалысының төрағасы: 

«Адал, түзу, жүйелі еңбек етсең, екі жылдан кейін пәтер аласың, бір балалы болғанда үйіңді кеңейтуге мүмкіндік аласың» деп жастарға мемлекет кепіл бермейді. Еңбектену тұрғысында жастар ынталандырылмаған. Сондықтан олар өз жайын өзі ойлай бастайды. Бұл арада, әсіресе ауыл жастарының жағдайы мүшкіл.

Бізде қаланың баласы қол жеткізген дүниеге ауылдың баласы солай қол жеткізе алмайды.

Анда-мында басын тасқа ұрған жас, ақырында ауылға оралып, малмен айналысып, күнімді көремін деген сенімде болуы керек. Бірақ ондай сенім бізде жоқ.

Ауылдың жайылым жерлері баяғыда сатылып кеткен, үкіметтен бөлінетін жобаларға ақшаны әкімдер үлестіреді. Олар үнемі жастарды таңдай береді дейсіз бе?.. Шөп те қымбат, бәрі қымбат, сондықтан ауыл болса да малсыз отырғандар көп бізде қазір.

Негізінен, Үкімет  жастардың кез келген уақытта мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасап қоюы керек еді. Бірақ бізде бұл әлі де толыққанды мүмкін емес.

Криминалдық идеология бір кездері жоғалып кетіп еді, қазір жастармен тығыз байланыста болып,  қайта түлеп жатқан жайы бар.

Бұл — қауіпті үрдіс.

365info.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.