Бұл қазақ ұлтын аяқ асты ететін қадір-қасиеттер

Еркін РАҚЫШЕВ, режиссер: 

Біз ел боламыз десек, өзімізге сын көзбен қарап үйренуіміз керек. Өзімізге салсақ, мақтану, дарақыланудан өзгені білмейміз. Менің бойымды билейтін қорқыныш, суицид, жезөкшелік, туберкулез, нашақорлық, ішімдік ішу секілді адами қасиеттерден бездіретін жаман әрекеттерден елулік емес, әлемдегі ең алғашқы елдердің қатарында екендігіміз. Бұл қазақ ұлтын аяқ асты ететін қадір-қасиеттер.

Қазақстан сәби өлімі жөнінде әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі көрінеді. Сонда Ау­ғанстан, Пәкістан секілді артта қалған елдердің алдына шығып кеткенбіз бе? Неге бұлай? Осыған қарап, «Біздің тұрмыс деңгейіміз, әлеуметтік жағдайымыз өте нашар ма?» деп те ойлайсың. Осы өзіңді өзің жеген сұрақтың ар жағында шындық бар сияқты болады да тұрады, маған.

«А»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.