Оңтүстік Қазақстанда үйлену тойында атыс болып екі адам жараланды

vystrel

ОҚО-да тойда атыс болып, екі адам жараланды деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға Саурам ауданының Ақсукент елді мекенінде болды. Той кезінде бір тпо жігіт қонақтардың назарын өздеріне аудару үшін әуеге оқ атады. Оқтан ек адам жарақат алып, емханаға түседі. Оқ “Бентли” көлігіне тиіп одан шашыраған бытыра екі әйелге тиген, деп хабарлайды өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Осы іске қатысты 1992, 1993 және 1996 жылы туған жігіттер күдікті ретінде ұсталды. Олардың екеуі бұрын сотталған. Олардың бірінің үйінен аңшылық мылтық, екі травматикалық тапанша мен калибрлі оқ табылды. Екінші күдіктіден де калибрлі аңшылық шолақ мылтығы және гильза тәркілеген.

Қазіргі таңда «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» баптары бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.