ОҚО әкімдігінде жаңа орынбасар

Бүгін ОҚО әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары  лауазымына Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Т.Сәрсембаев 1968 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – экономист, заңгер, гуманитарлық білім магистрі.

Еңбек жолын бухгалтер болып бастаған, әр жылдары еліміздің бірқатар облыстарында қаржы, мемлекеттік кіріс салаларында бөлім басшысы, басшының орынбасары, басшы қызметтерін атқарған.

Соңғы кезде, 2017 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Білім министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директорының орынбасары болып қызмет еткен.

 

Дереккөз: ontustik.gov.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.