​Пәкістанда қос ғашықты ата-аналары тоқпен өлтірген

Пәкістанда 15 жастағы Бакхт Джан мен 17 жастағы Рехманды ата-аналары тоқпен өлтірген, деп жазады reactor.inform.kz сайты life.ru сілтеме жасап.  Жасөспірімдер ата-аналарынан қашып кетіп, үйленбек болыпты,

Карачи қаласының тұрғындары бұған «Пәкістандық Ромео мен Джульетта» деген атау беріп те үлгерген.

Ең алдымен бойжеткен өлтірілген, ал бір күннен кейін жігіт жан тапсырыпты. Құқық қорғаушылар бұл қанды қылмысқа жастардың әкелері мен ағаларын айыптап отыр. Олардың бәрі қазір қашып жүр.

Ескі дәстүр бойынша Пәкістанда әулет атына кір келтіргендерді үлкендер өз қолымен өлтіреді. Кейін бұл заңға ел үкіметі тыйым салған болатын.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.