Тау ауасы сатылады

Швейцарияда аэрозольды баллондардағы таза тау ауасын сатумен айналысатын компания пайда болды. Компания өз өнімдерін ластанған қалаларға ұсына отырып, әлем нарығына шығуды көздеп отыр.
Swiss Alpin Air компаниясы өз өнімдерінің мойындалып, тұтынушылардың сұранысына ие болатындығына сенімді. Қазіргі уақытта тау бұлақтарынан алынған бөтелкелердегі таза су әлем бойынша тұтынушылардың көлемді сұранысына ие болып үлгерген.
Осылайша, өндірушілер тыныстауға арналған арнайы маскалы 7 литрлік бөтелкелерді сатылымға шығарып, бір данасын 21 долларға сатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жобаға инвесторлар іздестірілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.