Жануар сарғылт түсті McLaren көлігін үлкен сәбіз екен деп қалған

Есек қымбат тұратын көлікті кеміріп тастаған. Германияның Гисен қаласында McLaren спорт көлігінің иесі қымбат көлікті кеміріп тастаған есектің иесін сотқа берді, деп хабарлайды reactor.inform.kz сайты Associated Press-ке сілтеме жасап.
Осыдан бір жыл бұрын McLaren иесі көлігін есек қамаулы тұрған қоршаудың жанына қойып, кетіп қалған. Ол өз шаруаларын бітіріп келгенше есек көлікті кеміріп тастаған. Полиция өкілдері жануар сарғылт түсті McLaren көлігін үлкен сәбіз екен деп қалған болуы мүмкін деген пікір айтады.
McLaren иесі көліктің көміртекті талшықтан жасалған бөлшегін бүлдіргенін және артқы бөлігінің бояуын құртқанын айтып, есектің иесіне шағымданған. Алайда, есектің иесі көлікті жөндеуден бас тартып, оның иесіне көлік тұрағын дұрыстап таңдау керек екенін айтып, кеңес берген. Енді қымбат көліктің жүргізушісі сот арқылы 5 мың еуро өндіріп алуды жоспарлап отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.