Жемқорлыққа қатысты 1,3 млн шенеунік жазаланды

Қытайда соңғы 5 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатыса бар 1,3 млн шенеунік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚХР Коммунистік партиясының Орталық комиссиясына сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлайды, деп жазады inform.kz сайты. Жазаға тартылған шенеуніктердің 648 мыңы ауылды елді мекендерде қызмет еткен. Сондай-ақ, соңғы жылдар ішінде жоғары лауазымды шенеуніктерге де қатысты көптеген қылмыстар әшкерленген. Комиссия берген ақпараттарға сәйкес, өткен жылы елдегі шамамен 155 мың партиялық ұйым тексерілген. Комиссия сыбайлас жемқорлық фактілері бар 65 мың істі сотқа жолдаған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.