10 жасар студент

Қытайдағы Шанцю қаласында тұратын 10 жасар Чжан Ивэнь жергілікті технологиялық институттың бірінші курсына қабылданды. Бір қызығы, ол ешқашан мемлекеттік мектепке бармаған, оны ата-анасы үйде оқытқан.

«Оқып туған» қыздың әкесі қаладағы ғылыми орталықтың қызметкері көрінеді. Ол «қажетсіз» пәндермен қызының миын ашытпай, тек ең зәру пәндерді ғана оқытқан. Және оқу бағдарламасын да өзі жасап шығарған. Соның нәтижесінде қабылдау емтихандарында Чжан 353 балл жинап, информатика және электронды инженерия факультетінің студенті атанды. Чжан отбасы Ивэньның болашақта басқа оқу орнында білімін жалғастырып, ғылыми дәрежеге қол жеткізетініне сенімді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.