Ілияс Исаев, қаржыгер-маман: Ұлттық банктің көздегені — елдің тығып ұстайтын ақшасы

 

Біріншіден, қазір бюджетте ақша тапшы. Ұлттық банк эмиссиялық институт ретіндегі рөлін де жоғалтып барады. Өйткені ұлттық қордан, бюджетке, бюджеттен экономиканың нақты секторына бөлінген қаржы қайта айналып келмей жатыр. Көбісі, проблемалық несиелер қорына барып толығуда. Оны тазалап қойса, қайтадан пайда болады.

Үкімет бөлген соншама ақшаны экономиканың нақты секторы бойына сіңіре алмай, құсып тастауда. Себебі, жан-жақтың бәрі сыбайлас жемқорлық — коррупция.

Нарықтың аясы тым тар, кәсіпкерлік қажетті деңгейде дами алмауда…

Сол секілді, қазір бізде  көп адам банкке ақша салмайды, қолда ұстайды. Өйткені, банктер ұсынған депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі, тіптен, тартымсыз. Пайда жоқ. Қызық емес. Міне, халықтың қолындағы осы ақшаны мобилизациялау үшін, Ұлттық банк алтын құйманы еркін сауда-саттық айналымына шығаруда. Осылайша, халықтың алтынға инвестиция жасауына мүмкіндік бермек.

Әрине, коррупционерлерге жақсы болды. Алтын құймамен алады енді алатынын. Оны артынан шақаға айналырса, болды емес пе?..

kaz.365info.kz 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.