Сұлы ботқасы – артық майдың жауы

Сұлының құрамында керемет қуат көзі бола алатын күрделі көмірсулар бар. Сондықтан, ол ашығу сезімін басып, күні бойына тоқтық сыйлайды. Оны тұрақты пайдаланған жағдайда бір апада 5-7 келі салмақ тастауға болады. Сұлыны жеңіл тамақтану күндеріне пайдалануға да болады. 

Сонымен, сұлы диетасына өту үшін алдымен күріштің көмегімен ішті тазартып алу керек. Ол үшін  4 ас қасық күрішті 1 литр салқын суға салып, бір түнгі қойып қойған жөн. Таңертең күрішті баяу отта бір сағат қайнатыңыз. Пайда болған қоймалжың кисельді таңғы асқа ішіп алыңыз да, 5 сағат бойы басқа ешетңе ішпеңіз де, жемеңіз де. Әрі қарай күнделікті тәртіппен тамақтаныңыз. Бірақ, ұйықтар алдында 5 сағат бойы тағы да ештеңе ішіп-жемеңіз. Тек су ішуге болады. Бұл күні кез-келген сүйікті тағамыңызды жеуге рұқсат, тек ұннан жасалған, амйлы және тәтті тағамдардан аулақ болыңыз.

Ішегіңізді тазартып алған соң, сұлы диетасына өтеміз. Ол үшін таңғы, түскі, кешкі астың бәріне тек қана сұлы ботқасын жеуіңіз керек болады. Бірақ, арасында жемістер мен көкөністерді (алма, қараөрік, шие, құлпынай, қырыққабат, сәбіз, қызанақ, қияр және т.б. жеуге болады. Картоп, банан, жүзімді ас мәзірінен шығара тұрыңыз. Ал суды тек сұлы ботқасын жегеннен кейін 1,5 сағат өткенде ғана іше аласыз. Сұлы ботқасына тұз, қант және май қосуға болмайды.

Бір апта осылай тамақтансаңыз, нәтижесі қатты таңқалдыратын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.