Қызылша квасы – әйелдер үшін таптырмас ем

Бұл сусын — әйелдердің қатерлі ісік ауруларының алдын алады. Сондай-ақ ағзаны улы заттардан тазартып, бүйректегі тасты түсіреді, ішектегі ашып-шіріген ас қалдықтарын сыртқа шығарып, бітелген қантамырлардың жолын ашады және бауырды қалпына келтіреді.
 Қызылша квасын әзірлеудің екі әдісі бар. Олар – ашытқысыз және ашытқымен дайындау әдістері.
Ашытқысыз дайындау көбірек уақытты алады, яғни мұндай квас үш-бес тәуліктен кейін ғана дайын болады. Ал ашытқымен дайындасаңыз, екі-үш тәуліктен кейін-ақ пайдалана беруіңізге болады. Бірақ, мұндай квасты емдік мақсаттан гөрі салқындатқыш сусын ретінде пайдаланған дұрыстау.
 * Ашытқымен дайындау әдісі
Керек заттар:
— 500 г қызылша
— 3 л су
— 50 г қарабидай наны
— 10 г ашытқы
— 100 г қант
Шикі қызылшаны мұқият жуып, тазартыңыз да, кесектеп турап, пеште кептіріп алыңыз. Сосын кәстрөлге салып, бетін жауып тұратындай ғана етіп су құйыңыз. Кәстрөлді отқа қойып, әбден піскенше қайнатыңыз. Сосын суын құйып алып, үстіне қайнаған су құйыңыз да, аздап суытыңыз. Сәл жылылау болған кезде үстіне қара нан, қант пен ашытқыны салып, 1-2 күн жылы жерге қойып қойыңыз. Сосын ашыған квасты сүзіп алып, салқындатыңыз. Піскен қызылшаны басқа тағамға қосуға немесе өзін жеуге де болады.
* Ашытқысыз дайындау әдісі
Керек заттар:
— 1 ірі қызылша
— 2 л қайнатылып, суытылған су
— 4 ас қасық қант
— 1 қарабидай нанының сырты
Қызылшаның қабығын тазартып, майдалап тураңыз да, шыны ыдысқа салып, үстіне қайнаған су құйыңыз. Сосын қант пен қарабидай нанының сыртқы қабатын да салыңыз. Ыдыстың бетін дәкемен жауып, ашығанша 3 күнге жылы жерге қойып қойыңыз. Сосын квасты сүзіп алып, шөлмектерге құйып, жақсылап аузын бекітіңіз. Бұл сусынды қалаған уақытта қалаған мөлшерде ішуге болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.