ПУТИН МЕН РЕСЕЙЛІК ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕНДЕДІ

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттің лауазымды қызметкерлерінің ақшалай өтемақы мөлшерін 10%-ға төмендету туралы жарлыққа қол қойды. Құжатты garant.ru ақпараттық-құқықтық порталы жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ресей басшысы Кремль шенеуніктері мен билік аппаратының төлемдерін қысқарту жайында шешімді алғаш 2005 жылы қабылдаған. Содан бері тиісті құжаттар жыл сайын жаңартылып отырды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын құжатқа сәйкес, президенттің, үкімет басшысының, Кремль әкімшілігі қызметкерлері мен билік аппараттары төмен мөлшердегі ақшалай сыйақы алуды жалғастыратын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.