Айжан Байзақова «Zakova» клубының жабылғанын айтты

Атышулы Instagram жұлдызы Айжан Байзақова өзінің қатысуымен дау туғызған видео түсірілген «Zakova» клубының жабылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Байзақова өзінің Telegram желісіндегі арнасында мәлімдеді.
«Біз «Zakova» клубын жабатынымызды хабарлағым келеді. Оның себебін өздеріңіз де білетін шығарсыздар… Бұл бізде көңіл көтерген сатқындардың кесірінен болды. Олар болып жатқан оқиғаның бәрін ұялы телефондарының камерасына түсіріп, желіге салып жіберген. Құттықтаймын, дегендеріңізге жеттіңіздер! Мұндай жағдайда барлық клуб, барларды жауып тастаңыздар. Барлығыңыз әулиесіздер ғой», – деп жазды Байзақова.
Айта кетсек, Алматыдағы клубтардың бірінде қыздардың жалаңаштаған Айжан Байзақова үш күнге қамауға алынған еді. Ол өткен аптаның жұма күні бостандыққа шықты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.