Димаш Ақтөбедегі ХҚКО-ға шетелдік паспорт жасатуға келді

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Ақтөбедегі ХҚКО-ға шетелдік паспорт жасатуға келді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

«Бүгін әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайбергеновтың сапары Ақтөбедегі №1 ХҚКО-ның қалыпты жұмысын бұзды. Келушілер мен қызметкерлер атақты жерлесінен қолтаңба алып, бірге естелік суретке түсті. Димаш ХҚКО-ға шетелдік паспорт жасатуға келді», — деп жазды Жұманбай әлеуметтік желіде.

 

Дереккөз. sputniknews.kz.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.