Жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілерін байқауға шақырады

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті, жас дарын!!!
Облыстық «АРАЙ-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауына шақырамыз!
Оңтүстік Қазақстан облыстық мəдениет басқармасы, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып Астананың 20 жылдығына орай облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілері  байқауы өтетінін хабарлаймыз!
Байқаудың мақсаты —  жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін және облыстағы мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып оларға қолдау көрсету болып табылады.
БАЙҚАУДЫҢ  ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Әншілер үшін:
І. Аудан қалаларға арнайы тәлімгерлер бекітіледі.
ІІ. Тәлімгер таңдауымен байқаудың І-ші іріктеу кезеңінен өткен 2 үміткер Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тиісті жолдамасымен байқаудың ІІ-ші кезеңіне қатысады.
Шымкент қаласы үшін І-ші іріктеуден өткен 8 үміткер жоғары, арнаулы оқу орындарының тиісті жолдамасымен қатыса алады.
Үміткерлердің жасы 16 мен 25 жас аралығында болуы тиіс.
Байқауда 2 ән орындалады.
І кезеңде — Елорда -Астана қаласына арналған әндер;
ІІ кезеңде – Қазақстан композитрларының әндері орындалуы шарт.
Мәдени іс-шара жүргізушілері үшін:
І. Тәлімгер таңдауымен байқаудың І-ші іріктеу кезеңінен өткен 2 үміткер Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тиісті жолдамасымен байқаудың ІІ-ші кезеңіне қатысады.
Шымкент қаласы үшін І-ші іріктеуден өткен 6 үміткер жоғары, арнаулы оқу орындарының тиісті жолдамасымен қатыса алады.
Үміткерлердің жасы 16 мен 25 жас аралығында болуы тиіс.
Іріктеу кезеңіне қатысатын үміткерлерге берілетін тапсырмалар:
— «Тіл мәдениеті» тапсырмасы (белгілі жазушы, ақын, драматургтардың шығармаларынан үзінділер, монолог, әзіл әңгімелер, өлеңдер оқу. (Берілетін уақыт 2 минут);
— Ситуациялық сұраққа жауап беру (Берілетін уақыт1 минут);
— «Үй тапсырмасы» (өзінің қалауы бойынша алдын-ала дайындаған түрлі іс-шаралар, байқау, фестивальдердің сценарииі бойынша жүргізуі. (Берілетін уақыт 2 минут).
Байқаудың ақтық кезеңіне жеткен үміткерлер облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілерінің байқауын жүргізетін болады.
Аудан, қалалардағы үміткерлер өз өтінімдері мен құжаттарын ағымдағы жылдың 30 қаңтарына дейін тапсыруы тиіс.
Келіңіз, қатысыңыз!
2018 жылдың жеңімпазы атаныңыз!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.