ОҚО-ДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында өңіріміздегі су қоймаларының бүгінгі жай-күйі талқыланып, көктемгі тасқынның алдын-алу шаралары пысықталды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н. Дербісовтің айтуынша,   облыс аумағында жалпы 43 су қоймасы бар. Оның 20-сы республикалық, 18-і облыстық және аудандық коммуналдық, 5-і жекеменшік саналады.

Басқарма басшысының айтуынша, бірқатар су қоймалары электр жарығымен, байланыс құралымен, арнайы күзетпен, бейне бақылаумен толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Жиынды қорытқан өңір басшысы су қоймаларына қатысты олқылықтардың орнын толтыру мақсатында аудан, қала әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«Көктемгі су тасқынының орын алуына көбінде су қоймаларының материалдық-техникалық жағдайлары мен мекемдігі сеп болады. Осы жайды ескерсек, өңіріміздегі 43 су қоймасының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырамын. Арнайы комиссия анықтаған олқылықтар толығымен орындалып, қажетті құрал-жабдықтар мен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл ретте тиісті мекеме басшылары аудан, қала әкімдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.