ОҚО-да жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгені құрады

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы өңірлік өнімнің өсімі алдын ала мәлімет бойынша өткен жылы 102 пайызды немесе 3 трлн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 2,8 трлн. теңге көлемінде болған. Ал облыс халқының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші өткен жылы 989 мың теңгеге жетті. Бүгін бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.

«2016 жылы бюджеттің жалпы көлемде өзіндік кірістердің үлесі 18 пайызды құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 20 пайызға жетіп, 14,4 млрд. теңгеге артты. 2017 жылға бекітілген облыс бюджетінің көлемі 481 млрд. теңгені құрап, нақтылау нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша 609 млрд. теңгеге жеткен», — деді Арман Сәбитұлы.

Бюджет көлемінде әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 2017 жылы 81,2 млрд. теңгеге өсіп, 384,2 млрд. теңгеге жеткен.

Айта кетерлігі, бюджет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде орындауға бағытталған. Мәселен 48 пайызы, яғни 231,4 млрд. теңге 2 522 мекемені күтіп-ұстауға, 44 пайызы еңбекақыға және 8 пайызы күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық нығайту шығындарына жұмсалған.

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.