Жаңа Салық кодексінің нормаларында біршама өзгерістер бар

Бүгін Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің нормаларына тоқталды. Оның айтуынша, құжат құрылымы толық жаңартылып, экономика үшін жаңа бөлімдер пайда болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 Атап айтсақ, Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына қайшы келетін жеңілдіктер алынып тасталды. Геологиялық барлауға инвестиция тарту бағытына басымдық берілді. Дегенмен брифингте басты назар қарапайым азаматтардың мүддесіне аударылды. Мәселен, ұрланған көлік иелері темір тұлпарының тіркеуде бар немесе жоқтығына қарамастан салық төлеуден босатылады. Жоғалған мемлекеттік нөмірдің екінші нұсқасы үшін төленетін баж салығының құны екі есеге төмендетілді. Бұдан былай жылжымайтын мүлік пен жер телімі салықтарын жыл соңында төлеу керек. Ал өткен жылғы салықтарды төлеу биыл қазан айына дейін ұзартылды. Әлеуметтік салаға да бірқатар өзгеріс енгізілді. Тастанды балаларды асырап алушы отбасылар жылдық табысы шегінде кіріс салығынан босатылады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі бала асыраушы 76 мың қазақстандық бірқатар жеңілдікке ие болады. Шағын және орта кәсіп иелері үшін де қосымша салық енгізілді.

«Оның қатарында белгіленген шегерім тәртібі, шағын және ірі бизнес арасындағы өтпелі режім. Осы орайда өлшемшарттар 3 есеге артып отыр. Кәсіпкер жеңілдетілген декларациямен қызмет етіп, табысы 115 млн теңгеден асса, ол дереу бухгалтер жалдап, жоғарғы режімге ауысуы тиіс. Осындай өтпелі кәсіпорындар үшін күрделі есеп жүргізілетін тәртіп енгізгеніміз де сондықтан. Дегенмен олардың салықтық жүктемесі жоғары болмайды. Өйткені ондағы максималды табыс көлемінің көрсеткіші 347 млн теңгеге дейін жоғарылатылды» — дейді Руслан Дәленов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін автокөлік нөмерінің бағасы мен «крутой» нөмірлерді сатып алуға рұқсат берілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Фото интернеттен алынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.