Шымкенттік өнерпаз халықаралық сайыста бақ сынауда

Түркияда халықаралық деңгейде өтіп жатқан «Таланттар шоуы» байқауында Оңтүстіктің цирк өнерпазы Қазақстанның намысын қорғауда.  Жерлесіміз  Зоя Гладкова алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп, жартылай финалға  жолдама алды. „Таланттар шоуы„  байқауына Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Германия, Ресей сынды  елдердің үздіктері қатысып отыр.

Зоя Гладкова  алғашқы кезеңде Әуеде торлы арқанмен күрделі қимылдарды жасап, әділ-қазылардың көңілінен шықты. Ол бұл  байқауды  ғаламтордан көріп, бақ сынауға  бел буған. Қаңтар айының  25-ші жұлдызында байқаудың келесі кезеңі басталады.Талантты әртіс қазіргі уақытта  ақтық сынға қызу дайындық үстінде.

Байқауға 40-тан аса үміткер қатысқан. Әрқайсысы әр түрлі жанрда өнер көрсеткен. Ал ақтық сынға тек   15 қатысушы ғана жолдама алды.

Айта кетсек, Зоя  Гладкова „Оңтүстік цирк„ кәсіпорнының әртісі. 20 жасар бойжеткен 5 жылдан бері осы саланы меңгеріп келеді. Талантты әртістің осыған дейін жеткен жетістіктері де аз емес.  Бұған дейін ол Қытай елінде шеберлігін шыңдап келген.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.