ОҚО-да балалар кинозалы ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында балалар кинозалының ашылу салтанаты өтті.

«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» деген Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлының ұстанымы, сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде жас ұрпаққа арналған айтулы бастама  кітапхананың жас оқырмандарына арналды.

Кітапхана ішінен ашылған кинозалда ұрпақ бойына тəрбие дəнін егер ұлттық салт-дəстүрді жəне елісіздің тарихы мен келбетін айқындайтын көрсетілімдер тұрақты түрде көрсетілмек. Облыстың кино саласы өкілдері мен кітапханалардың басшылары жəне оқырмандар жиналған шарада кинозалдың лентасын Оңтүстік Қазақстан облысының мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Эльвира Момынова жəне «Оңтүстікфильм» мекемесінің директоры, көптеген тарихи, танымдық жəне көп сериялы фильмдердің режиссері Батырхан Дəуренбеков қиып, өз құттықтауын жеткізді. Жиынға келген қонақтар «Күш атасы — Қажымұқан» анимациялық фильмін тамашалады.

Бүгінгі таңда, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 29281 оқырман болса, оның ішінде келушілер саны 214933-ді құрайды. Сонымен қатар, балаларға арналған 491663 кітаптар қоры бар.

Алдағы уақытта кітапхананың жас оқырмандары облыс əкімінің идеясымен түсірілген «Көне жетігеннің сыры» , «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдерін жəне Отырар ауданы əкімдігінің тапсырысымен жасалған «Көне құмыраның сыры», » Отырар дастаны» фильмдерін жəне өзге де көптеген танымдық көрсетілімдерді тамашалайтын болады. Аталған анимациялық фильмдер  Батырхан Дəуренбековтің режиссерлігімен «САҚ» киностудиясында жасалған.

ОҚО Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.