ТҮРКІСТАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР «ЯСАУИ МҰРАСЫ» ГАЗЕТІН ТЕГІН ОҚИДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында насихат жұмыстарын түрлендіре жүргізуді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі басты назарда ұстауда.
«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі жанынан шығатын «Ясауи Мұрасы» республикалық газеті Қожа Ахмет Ясауидың таным мен тəрбиеге толы нұрлы ізін ұрпақ баласына насихаттау бағытында жұмыс жасайтыны белгілі.
Ағымдағы жылдан бастап аталған басылым Түркістан қалалық ардагерлер алқасы жəне қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне ай сайын тегін жеткізілетін болады.
Бұл жөнінде, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі жəне кітапхана қызметкерлерімен өткізілген арнайы кездесуде қорық-музейдің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы мəлімдеді.
Жиын барысында ардагерлер мен кітапхана қызметкерлері музей басшысы мен ұжымына алғыстарын жеткізді.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.