Министр атышулы «Қалаулым» бағдарламасына қатысты түсініктеме берді

«Еуразия» бірінші арнасынан көрсетілетін «Қалаулым» бағдарламасы бойынша тексеріс әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 «Қалаулым» бағдарламасы бойынша тексеріс әлі жүріп жатыр. Бұған қатысты арнайы жауап береміз, дайындап жатырмыз. Бір шешімін табамыз деп ойлаймын», — деп жауап қайырды министр қысқа да нұсқа.
Ал, бұл уақытта атышулы бағдарламаның жүргізушісі Аша Матай отбасымен Египетте қысқы демалысын өткізді. Бұл туралы ол өзінің инстаграмм парақшасында «Шет елде қыдырып, демалып жүрген жақсы ғой, бірақ өз жеріңе аман-есен оралуыңа не жетсін, шіркін!? Мен өз еліме қайтып, жұмысыма кірісуді аңсап, Алла қаласа жақын арада сіздермен жүздесуді көздеп отырмын. Қаңтар айының 25-і жұлдызында «Қалаулым» бағдарламасын қосыңыздар! p.s. Мені сағынған жан бар ма өзі?», деп жазба қалдырып, шет елдегі қысқы демалысынан сәтті фотосуреттер жүктеген.

Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында танымал заңгер,  блогер Айгүл Орынбек ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан «Қалаулым» бағдарламасын телеарнадан көрсетпеуді сұраған болатын. Министр мырза атышулы ток-шоу  жайында алғаш рет естігенін және оның мазмұнын тексеруге уәде берген еді.

Қазіргі таңда «Қалаулым» бағдарламасы «Еуразия» бірінші арнасынан әлі де көрсетіледі.

Фото интернеттен және Аша Матайдың инстаграмм парақшасынан алынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.