Баян Алагузованың тойдан кейін алғаш рет сұхбат берді

Баян Алагөзова «Если честно…» бағдарламасына келіп, Тимур Балымбетовтың сұрақтарына жауап берді, деп жазады sputniknews.kz.

Былтыр ешқандай сұхбат бермеймін дегеніне қарамастан, Баян Алагөзова Gakku.fm студиясына келіп, бір сағаттық әңгіме барысында танымалдығы туралы көзқарасын жеткізді.

Алагөзова атап өткендей, соңғы екі жылда продюсерлік жобаларына салғырт қарап, отбасылық мәселелер мен көңілкүйіне көп мән бере бастаған екен.

Бұдан бөлек, радиобағдарлама кезінде Алагөзова жаңа фамилиясына әлі үйренбегенін мойындады. Жұбайы Тұрсынғали Алагөзовтің мінезі туралы айта отырып, күйеуінің тосын сый жасағанды жақсы көретінін еске алды.

Жақында Меруерт Түсіпбаевамен арада болған кикілжің туралы сұраққа жауап бергенде, продюсер әртістің өзімен жеке сөйлеспегенін, әлеуметтік желідегі жазбалармен ғана шектелгенін айтты.

«Өзімнің жұмысымды мақтан тұтанымды айттым. Өте жақсы жұмыс. Берілген бюджетке сай қолдан келгеннің бәрін жасадық, жобаны аяқтау үшін өз қалтамнан қаражат қостым. Сондықтан мұның бәрі (айтылған сындар — ред.) біреудің мүддесі үшін қажет болғаны белгілі. Осы арам істе мен айыпталған жоқпын, басқа біреулерге жетуі үшін арада маған да тіл тиіп кетті. Оған қатысым жоқ. Ақылды адам ретінде мен мұны түсіндім», — дейді Баян.

Бұдан бөлек, Баян Алагөзова біреудің еңбегінен мін тауып, сынап, бәрін бүлдіргісі келетін адамдарға анықтама берді.

«Біреудің еңбегін осылайша аяқ асты етіп, атына кір келтіріп, тіл тигізетін адамдар — бейшара жандар, олар өздері ешқашан ештеңе жасамаған, еңбек етпеген. Біреудің жасағанын күл талқан ету мен үшін өте қиын, өйткені оған қанша күш жұмсалғанын түсінемін», — деп пікірін білдірді ол.

Фото интернеттен алынды. 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.