Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды», — делінген Ақордадағы хабарламада.

Сонымен қатар, Президент сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенованың Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылғаны хабарланған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.