ОҚО-да алғаш рет «ontest» жүйесі іске қосылды

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздардың жалақысы 30 пайызға артты. Білім саласындағы жаңартылған бағдарламасы аясында орын алып отырған жаңалық әзірге 1,2,5,7 сыныптың оқытушыларына ғана қатысты. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен барлық сынып мұғалімдерінің еңбекақылары жоғарылайтын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Білім басқармасының басшысы И.Сағындықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 3,6,8 сыныптар, 2019 жылы 0,4,9,10 сыныптар, 2020 жылы 11 сынып ұстаздарының жалақылары да 30 пайызға жоғарылайды.

«Ауылдық елдімекендегі мектеп мұғалімдерінің жалақыларына санаттарына қарай орташа есеппен 30 мың мен 21 мың теңгенің төңірегінде қаржы қосылады. Ал, қалалық мектеп мұғалімдеріне орташа есеппен 24 мың мен 17 мың теңгенің аралығында қосымша еңбекақы төленетін болады», – деді Исатай Өмірзақұлы.

Сондай-ақ, жиында басқарма басшысы өңірдегі білім саласының басты жаңалығы ретінде Ұлттық бірыңғай тестілеуіне дайындалуға арналған http://ontest.kz бағдарламасымен таныстырды. Мектеп оқушылары сынаққа дайындалу үшін онлайн режимде аталған сайтқа кіріп өз білімдерінің қаншалықты деңгейде екенін біле алады.

Айта кетейік, осы бағдарлама арқылы білім басқармасы облыстың кез-келген мектебінде қанша оқушы дайындық сынағын тапсырғаны, оның пәндер бойынша орта баллын, мектептің орта балын, ауданның орта балын көру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.