Пхёнчханда өтіп жатқан Олимпиадада 232 адам норовирус жұқтырып алған

Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарында норовирус жұқтыру фактілерінің саны 232-ге жетті.

Соңғы кезде 30 жаңа науқастың ауруханаға жатқызылғаны атап өтіледі, деп хабарлайды ktk.kz.

Ауырғандардың арасында спортшылар мен шетелдік делегацияның мүшелері жоқ,

Бұған дейін вирус жұқтырудың 192 фактісі туралы хабарланған болатын.

Вирустың жылдам тарауының салдарынан Олимпиада ойындарының ашылуының алдында 1,2 мың күзетші жұмыстан шеттетілген.

 

Фото интернеттен алынды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.