2019 жылы тіркелмеген телефондарға байланыс қызметі көрсетілмейді

2019 жылдың қаңтар айынан бастап тіркелмеген ұялы телефондарға байланыс қызметі көрсетілмейді, деп хабарлайды ktk.kz.

«Уақыт өте тығыз, оның үстіне көп адам телефондарын барып тіркетуге ерінеді. Сол себепті, қазір ЭЦҚ, SMS және USSD арқылы онлайн тіркелу мәселелері қарастырылып жатыр», — деді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

Мұнымен қатар, министр IMEI код мәселесінің 2016 жылдан бері жолға қойылып келе жатқанын және оның терроризм мен экстремизммен күресу мақсатында жасалып жатқанын айтып өтті.

«IMEI код телефон иесін идентификациялауға мүмкіндік бермейді. Мұнымен қатар, нарықта IMEI коды бірдей ұялы телефондар да кездеседі. Сол себепті, бұл мәселені тек IMEI кодты иесінің ЖСН нөмірімен байланыстыру арқылы шешуге болады. Телефон дәл осылай тіркелген жағдайда телефондарды ұрлау мүмкін болмайды», — деді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.