Әйгілі үнді актеры Митхун Чакраборти Шымкентке келмек  

Әйгілі үнді актеры Митхун Чакраборти Оңтүстікке келеді деп күтілуде. Ол өз елінің тарихи туындысына түспек.  Бұл туралы Еуразия кинофестивалінің директоры Майра Қарсақбаева хабарлады. Түсірілім, сәуір айында басталмақ. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды TVK  арнасы.

Майра Қарсақбаева: Үнді фильмін түсіру үшін  қазір 18 ғасырды бейнелейтін қамалдарды тұрғызу үстіндеміз. Туындыда Митхун Чакработи мен Болливудтың жас, әрі танымал әртісі Ранди Пхута түседі. Біз кино арқылы миллиондаған көрерменге Қазақстанды насихаттаймыз.

Тағы бір жағымды жаңалық жуық арада отандық режиссерлар Англияда өтетін кинофестивальге қатыспақ. Үздіктер додасына жолдама алатын туындыларды ұйымдастырушылар іріктейді. Олар, әр облысты аралап, туындыларды таңдайды. Қойылатын талап, кино 2016 жылдан бері түсірілген толықметражды фильм болуы тиіс.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.