Facebook-те 3D хабарлама жазуға болады

Соңғы кезде Facebook желісі өз қолданушыларына жаңа инновацияларды жиі ұсынып келеді. Мысалға, жақында хабарламаны жіберуде еркін форматты қолдайтын 3D хабарлама функциясы шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Жуырда біз 3D пост енгіздік. Ол арқылы жан-жақтан цифрлық объектіні көруге және Facebook-тің жаңалықтар лентасында бірге әрекет етуге болады. Объектіге қолың тиіп кетсе, ол бірден жауап қайтарып, қалаған контент экранда бірден шығады», — деп хабарлады желі әкімшілігі.

Бұдан бөлек жаңа функция басқа компаниялармен серіктес болды. Енді Xperia XZ1 компаниясы шығарған телефондарда Sony 3D Creator компаниясының қосымшасы арқылы 3D естеліктермен бөлісуге болады.

«Қолданушылар батырманың сол жағын баса отырып, суретті айналдары алады. 3D посттарды ерекше мәтінмен жазуға болады», — деп мәлімдеді компания өкілдері.

Facebook-тегі LEGO қауымдастығы жаңа функциямен әзірлеген тотықұс конструкторымен бөлісіп үлгерді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.