Әйелдер жетіспейтін жер бетіндегі 9 мемлекет

Әлемде әйелдер жетіспейтін, сол себепті отбасын құру мен балалы болу деңгейі төмендеп кеткен елдер баршылық. Осыған байланысты кей елдердің үкіметі тіпті өз елдеріне келіп, жігіттерге тұрмысқа шыққан қыздарға ақы төлеуге де дайын. Мұндай демографиялық тепе-теңдіктің бұзылуында геосаяси мәселелер де әсер етеді. Соғыс болып жатқан жерлерден әйелдер қашса, ерлер жұмыс іздеп сабылып жүр.

Швеция. Швецияда әйелдердің жетіспеушілігі тұрмыстық дағдарысқа айналған. Онда нәзік жандылар өздеріне пәтер алу үшін шетел жағалап кетіп жатыр.

Қытай. Бұл елдегі «бір отбасы – бір бала» саясаты елдегі ер мен әйел санына елеулі түрде әсер еткен. Қыз балалар құрсақта жатқанда-ақ өмірінен айырылып, көбіне дүниеге ер балалар келгендіктен, енді олар есейгенде үйленетін жар таппай жүр.

Филиппин. Елдегі демографиялық дағдарыс еңбек нарығындағы дағдарысқа соқтырды. Мұнда орта есеппен 102 ер адамға 100 әйелден келеді. Ал филиппин қыздары жұмыс іздеп, шетке кеткелі бері жағдай тіптен қиындаған.

Норвегия. Бұл елде де әйелдер саны азайып, гендерлік теңдікті ұстау мәселесі тіптен қиындаған. Оның есесіне эмигрант-еркектердің қатары артып кетіпті.

Ауғанстан. Соңғы ондаған жыл бойы әскери қақтығыстан көз ашпаған ел негізінде еркек тапшылығын сезінуі керек еді. Алайда бұл елде соғысатын еркек жетіп -атылады. Ал әйелдер қиын жағдайдан құтылып шығу үшін қашып жатыр. Өйткені, бұл елде әйелдер істейтін ештеңе де жоқ. Ал еркектерінің әйел іздеуге шамасы да жоқ.

Италия. Бұл мемлекетте айтарлықтай алшақтық болмаса да, ер адамдардың саны әйелдерге қарағанда артық. Гендерлік теңдікті қолдаған әйелдер некелесіп, бала сүюге соншалықты ықылас танытпаған.

Египет. Бұл елдегі халықтың 75 пайызы – еркектер. Бұл статистика 25 жасқа дейінгі азаматтарға тікелей қатысты. Сондықтан ол жерде әйел алу үшін үлкен күрес жүреді. Ғалымдар елдегі ахуалдың бұлай қиындауы – әйелдерге көрсетілетін сексуалды зорлықтың артып кеткенінен көрінеді.

Исландия. Біраз уақыт бұрын Исландия үкіметі өз елдеріне келіп, өз ер адамдарына күйеуге шыққан қыздарға өтемақы береді деген әңгіме шыққан еді. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Дегенмен елде қыздардың жетіспеушілігі бар нәрсе.

Иран. Таяу шығыста орналасқан бұл мұсылман елінде әйелдердің құқығы көп ретте шектеліп келді. Олар енді ғана білім алып, кәсіби мансап қуып жатыр. Көбі Еуропаға кете бастады. Осылайша Иран еркектері үйленетін жарын біраз іздеуге мәжбүр бола бастады.

 

Дереккөз: «Stan.kz».

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.