ОҚО әкімі Қазығұртта «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясын жариялады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Наурыз Қазығұрттан басталады» мерекесінде өңірдегі зиялы қауым өкілдері және ардагерлердің басын қосып арнайы жиын өткізді. Ондағы мақсат – ел ішіндегі түрлі оқиғалардың себеп салдарын талқылап, олқылықтарды болдырмаудың жолдарын ақылдасу. Басқосуға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Жиынға төрағалық еткен өңір басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың қылмыс санын халық санына шаққанда 0,3 пайызбен республикада ең соңғы 16 — орында екенін айтып, енді тағы да төмендетуге жұмыс істеу керектігін жеткізді.

Облыс әкімінің сөзін қуаттаған зиялылар қазіргі таңда, жалпы қоғамымызда бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктің әлсіреп бара жатқанын жасырмады. Ел ағалары ынтымақ пен береке болмаған жерге құт қонбайтынын айтты.

Жиын соңында аймақ басшысы «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясын бастауды жөн санайтынын айтты. Осы акция аясында барша аудан, қала әкімдіктеріне зорлық-зомбылықтың, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынше кешенді жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Аға буын, зиялы қауым өкілдерін де осы бастамаға қолдау көрсетіп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.