Б.Смағұл, Мәжіліс депутаты: Отанды қалай сүю керек екенiн оқытқан дұрыс

Тоғызыншы сыныпта оқытылатын « Дінтану негіздері» деген факультативтік пән бар. Соның ішінде 46 тақырып бар екен. Оның 16-сында ғана ислам туралы айтады. Ресейдің «Православ мәдениетінің негіздері» пәні төртінші  сыныптан бастап оқытылады екен. Біздің балаларымыз радикалдық көзқарасқа ұрынбауы үшін бабаларымыздың асыл дінін жақсылап үйрету-біздің парызымыз. Діни-терроризм мен экстремизммен күресудің негізгі жолы халықты жаппай сауаттандыру десек, осы пәннің ішіндегі тақырыптардың мазмұнын өзгертіп, жаңаша өзекті мәселелерге мән берген жөн.

Оның ішінде Отанға деген махаббат, ұстазға деген құрмет, қыз балаға деген құрмет, оның арын қорғау, нашақорлықтың зияны – осылардың барлығын бұл пәннің ішінде ескеруге тиіспіз. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында оқытылып жатқан неше түрлі «жыныстық қатынасты қалай жасау керек?», «мүшеқапты қалай кию керек?» деген сияқты дүниелерді үйреткенше, керісінше Отанды қалай сүю керек екенін оқытқан дұрыс деп ойлаймын

                                                                                                                                                     sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.