Енді жезөкшеге барғандар жазаланатын болады

Өзбекстанда притонға барғандарға айыппұл салып, мұнымен қоймай мәжбүрлі түрде медициналық тексеріс пен емдеу тағайындау жоспарланып отыр, — деп хабарлайды  gazeta.uz сайтына  сілтеме жасаған kaz.tengrinews.kz.

Елдің әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне секс-притонға баруға жауапкершілік арқалатуды қосу көзделген. Түзетулер жобасын Өзбекстанның Әділет министрлігі талқылауға шығарған.

Сондағысы, притонға барғандарға 1 минималдық еңбекақы көлемінде айыппұл салу ұсынылып отыр екен. Қазіргі уақытта елде жезөкшелікпен айналысқандарға салынатын 1 МЕАК айыппұлды 3 МЕАК-ке дейін өсіру, ал бір жыл ішінде бұл іс қайталанса 3-тен 5 МЕАК-қа дейін өсіру қарастырылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.