Аман Төлеев Путиннен кешірім сұрады

Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев жиын барысында 64 адамның өмірін алып кеткен Кемероводағы қайғылы жайтқа байланысты Владимир Путиннен кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресейдің Төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары қатысқан жиында Аман Төлеев оқиғаға қатысты өзіне жеке қоңырау шалған Путинге алғысын айтып, орны толмас қайғылы оқиғаға байланысты кешірім сұрады.

Ол күтпеген жерден шыққан алапат өрттің салғырттық кесірінен болғанын мойындады.

Оған қоса, губернатор оппозиционерлердің негативті әрекетін де сынға алып үлгерді. Оның айтуынша, Кемерово үшін қаралы оқиға кезінде олардың істеп жүрген қылықтары орынсыз.

«Алапат өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасылардың әрқайсысына 1 миллион рубль көлемінде қаражат бөлінді. Алайда бұл қаржы жеткіліксіз. Туған адамыңның орнын ештене де, ешкім де толтыра алмас», — деді губернатор.

Төлеевтің айтуынша, әрбір отбасымен кәсіби мамандар: дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қорғау қызметкерлері жұмыс жасайды. Оның үстіне олардың қарыз-несиелеріне қатысты мәселелерді шешу үшін көмек берілетінін жеткізді губернатор.

Енді ол алдағы уақытта әрбір отбасымен жеке кездесуді жоспарлап отыр.

Фото интернеттен алынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.