Зағипа Балиева Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін кәсіпкерлерге үндеу жасады

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева Ресейдің Кемерово қаласындағы қайғылы жағдайдан кейін мекеме, ұйым мен ғимарат басшыларына үндеу жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ресей Федерациясының Кемерово қаласындағы балалардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдайға байланысты көз жұмғандардың туғандары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмдардың туған-туыстары үшін бұл — орны толмас қаза, үлкен қайғы. Жауапты адамдардың өз ісіне салғырт қарауы балалардың өліміне әкеп соқтырған бұл жағдай — біз үшін де сабақ», — делінген хабарламада.
Зағипа Балиева әр түрлі ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, кинотеатрлар мен адамдар көптеп жиналатын орындардың басшыларын өз ғимараттарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қауіпсіздік техникасы мен күзет қызметі кезінде ақшаны үнемдеп қалмауға, ғимаратқа келушілердің барлығы, әсіресе балалар бос уақытын толық қауіпсіздікте өткізе алатындай жағдай жасауға шақырды.

 

Фото интернеттен алынды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.