«Туған жерге туыңды тік» тақырыбында сурет байқауы өткізілді

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен қаладағы  №85 Хамит Әлімжан атындағы орта мектепте  оқушылар арасында туған өлке туралы «Туған жерге туыңды тік» суреттер байқауы өткізілді.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласы мен «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  өткен бұл байқауға «Нұр Отан» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Турдалин, «Достық» партия ұйымының төрағасы Ж.Сихамбекова қатысып, байқаудың мән маңызы туралы оқушыларға кеңінен түсініктеме берді.

Әшірбек Турдалин өз сөзінде жас ұрпақтың туған жер тарихын білуінің маңыздылығына тоқтала отырып, туған жерге, оның табиғатына, мәдени жәдігерлеріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық, қамқорлық таныту – әр-бір азаматтың, соның ішінде жас жеткіншектердің де міндеті екенін атап көрсетті.

Байқауға 40 оқушы қатысып, бақ сынасты.

Байқау жүлдегері, №85 мектептің 6 сынып  оқушысы  Мирас Дүйсебек өз отанын сүю отбасыдан, тұрған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады, дейді.

Байқау қорытындысы бойынша 10 таңдаулы сурет іріктеліп алынды. Байқау жүлдегерлері «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық қатысушылар білім бөлімінің мадақтама хатына ие болды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.