Шымқала қайтадан қызғалдақтар астанасына айналды

Қаладағы гүлзарларда 1 млн 300 мыңнан аса қызғалдақ гүлдеп тұр. Басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт, күлгін түсті қызғалдақтар.

Расында да, қала көшелері нағыз гүл алқаптарына айналғанадай ерекше құлппырған.

Ерекше атап өтетіні,  қызғалдақтарды арнайы кескіндерге ұқсатып еккен. Мәселен, ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескіндерді байқауға болады.

Мамандардың айтуынша,  қызғалдаққа толған гүлзарлар уақыты бір айдан аспайды.
Алдаға уақытта қызғалдақтардың орнын түрлі сұрыптағы гүлдер басады. Олар көгалдарды, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.