Қызын той үстiнде атып тастаған

Шамасы 20-30 жылдың алды болса керек, біздің жасөспірім кезіміз болатын. ҚХР Үрімші қаласының қала бастығы Жәкең ағамыз өз қызының қытай  азаматқа күйеуге шығамын деген ұсынысын естиді. Қытай жігіт те үлкен шенеуніктің баласы екен. Өз қызын райынан қайтара алмаған әке той күнін белгілетеді.

Екі серкенің тойына дүниенің төрт бұрышынан кілең сорпа бетіне шығар мықтылар жиналады. Той басталады, бірден қытай ұлтының дәстүрімен қыз бен күйеу ата-анаға сәлем жасау жосынын өтейді. Жәкең орнынан тұрып, екі жасқа батасын беріп бетін сипайды, жастар ары бұрыла бергенде, қыз әкесі қойнынан тапаншасын суырып алып, көз ілеспес тездікпен қызының өкпе тұсынан тарс еткізеді. Дүр етіп орнынан көтерілген жұртта ес қалмайды, жас мәйіт сұлап жатыр.

Қыз әкесі сорғалап тұрған көзінің жасын дәу алақанымен асықпай сүртіп тұрып: «Құрметті қауым, бұл менің өз жанымнан да артық көретін қызым еді, бірақ ұлтымды одан да артықтау көремін, мынау нәзірге жайылған дастарханнан ауыз тиіп, асықпай қайтыңдар, бұл бәріңе сабақ болсын. Егер, бүгін осыған қолым бармаса, ертең Шинжаңдағы 2 миллион қазақтың қызына ие болуға амалым да болмайды», — депті де шерлі әке есіктен шығып кете беріпті.

Бірақ, бүгін 17 миллион азаматы бар өз мемлекетімізден бірде-бір сондай әкелер мен басшылар шықпай, 20 қызды қытайға берсек, бұдан артық бұл елде қасірет те болмас.

 

Фото интернеттен алынды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.