Шымкентте Ұлы дала баласына ат мінгізді (видео)

Төреғали Төреәліге Шымкентте ақбоз ат мінгізді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Айналайын Шымкентім-ай, десеңші! Ақбозат мінгізіп жатқан, мақтадай әппақ көңілдеріңізден айналайын. Мамыражай мамыр айы құтты, берекелі болсын, ағайын!  Кешке концертке келіңіздер!!!» – деп жазады Төреғали.

Бар-жоғы 5 сағаттың ішінде әнші жүктеген видео 178 мыңнан астам көріліп, қызу талқыға түскен. Оқырмандар пікірі сан-саққа бөлініп, бірі — Төреғалиға ат мінгізіп,  жағымпазданғанша жетім-жесірлерге бермей ме десе, енді бірі  — халқымыздың қонақжайлығына ризалығын білдірген.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында Төреғали Төреәлінің концерті өтеді.

 

Фото интернет желісінен алынды. 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.