Ж.Ахаш,  журналист: Бар білетіндері – «Жоқ қылу керек!»

Ауылдағылар қорасындағы азын-аулақ малының арқасында күн көріп отыр. «Малым-жанымның садағасы» дейтін нағыз қазақтар солар. Бірақ жылы кабинетте отырғандар оны қайдан түсінсін. Қазір бруцеллезбен ауырған мал үшін мемлекеттен 30 пайыз өтемақы береді екен. Оның ақшасы мал салмағына байланысты есептеледі. Ақпанда малдың арықтап, күйі болмайтынын жауапты адамдар білмей ме? Тайөгізді етке өткізіп, өтемақы алған күннің өзінде ақшасы баспақ алуға жетпейді. Халық шуламай қайтеді?

Осы бруцеллез ауылдарды жаппай жою үшін әдейі тарататын кесел емес пе екен деп ойлаймын. Себебі, әкімдердің ешқайсысы бас қатырмайды. Құр жиналыс. Ал мал дәрігерлері індетті емдеу үшін емес, бруцеллез шыққанда ғана белсенді. Бар білетіндері – «Жоқ қылу керек!».

«Ф»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.